Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау

  • Шынар Манаповна Багиева Университет Сулеймен Демиреля

Abstract

Қазақ тілінің әліпбиін реформалау – күн тәртібіндегі басты мәселе екені белгілі. Соңғы үш жылда үш әліпби (диграфты, апострофты және акутты) нұсқасы ұсынылып, көпшілік талқысына түсті. Ғалымдар мен қалың бұқара үш нұсқаны да қолдамады. 2019 жылдың 21 қазанында Президент Қ.Тоқаев тіл мамандарына соңғы акутты нұсқаны жетілдіру туралы тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші ғалымдардан құралған жұмыс тобы  жетілдірілген әліпби нұсқасын дайындады. Кейбір ғалымдар жетілдірілген нұсқадағы «и», «й», «у» дыбыстарының таңбалануымен келіспей, Ә.Жүнісбектің «Ұлттық әліпби» нұсқасын ұсынып, қарсы уәж білдірді. Біздің мақсатымыз – әліпби нұсқаларына (акутты, жетілдірілген, ұлттық) лингвистикалық, әдістемелік талдау жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оқытуға ыңғайлы нұсқаны көрсету. Ол үшін талдау, салыстыру, жалпылау әдістері қолданылды. Нәтижесінде үш әліпби ішінен жетілдірілген әліпби нұсқасының қазақ жазуын дамыту әлеуеті жоғары екені, сондай-ақ қазіргі жазарман мен оқырман үшін көп қиындық туғызбайтыны анықталды.Кілт сөздер: латын әліпбиі, қазақ жазуы, әдістеме.

Author Biography

Шынар Манаповна Багиева, Университет Сулеймен Демиреля
докторант

References

1. https://tilalemi.kz/article/1348-.html

2. http://anatili.kazgazeta.kz/?m=20200411

3. anatili.kazgazeta.kz/?p=56990

4. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш.Құрманбайұлы,
С.Исақова, Б.Мизамхан, Г.Әлімбек, Г.Мамырбекова, Д.Боранбаев. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. -596 б.

5. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. -410 б.

6. Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы, 2010. -400 б

7. https://kaz.tengrinews.kz/article/alpbi-degen-ne-grafika-degen-ne-orfografiya-1033/
Published
2020-06-08
How to Cite
БАГИЕВА, Шынар Манаповна. Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау. Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 9, june 2020. ISSN 2709-1120. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/132>. Date accessed: 07 mar. 2021. doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v9i0.132.