СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

  • Dauren Tolbassy undergraduate
  • V.G. Bostanov

Abstract

Ғылыми-техникалық прогреске байланысты, әсіресе білім беру саласында интернет-технологияларды пайдалану білім берудің жаңа мүмкіндіктерін айқындады. Қазіргі уақытта маңызды бағыттардың бірі қашықтықтан (онлайн) оқытуға негізделген жаңа тәсілдің пайда болуы болып табылады. Қашықтықтан білім беру жүйесі, әсіресе дамыған және индустриалды елдерде, көптеген жылдар бойы адамдарды әртүрлі жерлерде және әр уақытта сабаққа қатыспай-ақ оқыту әдісі ретінде қолданылып келеді. Білім берудің бұл түрі коронавирустық инфекцияның (Covid-19) таралуына байланысты карантин енгізу себептеріне байланысты әлемнің барлық елдеріндегі білім беру жүйесінде одан да өзекті бола түсті. Әрбір білім беру жүйесінде математиканы оқыту маңызды рөлге ие және ол үшін жақсы жағдай жасау, білім алушылардың математиканы оқуға ынталандыру маңызды екенін ескере отырып, қашықтықтан білім берудің ең тиімді әдістерін қолдану керек. Сондықтан, пәнді қашықтықтан оқытуды жоспарлау кезінде оның барлық деңгейлеріне сәйкес келетін және оның арнайы құрылымына негізделген білім беру әдістерін қолдану қажет. Бұл мақала сызықтық теңдеулер жүйесін қашықтықтан оқыту әдістерін зерттеуге арналған. Зерттеу барысында сызықтық теңдеулер жүйесін қашықтықтан оқыту әдістерін қолданушы Кентау «Білім-Инновация» лицейінің мұғалімдері және оқушыларының тәжірибесіне талдау жасалды..
Түйінді сөздер: қашықтықтан оқыту, сызықтық теңдеулер, математика, әдістер.
 
Published
2021-06-27
How to Cite
TOLBASSY, Dauren; BOSTANOV, V.G.. СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ. Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 6-28, june 2021. ISSN 2709-1120. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/394>. Date accessed: 18 apr. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v10i0.394.