СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫРЛАРЫ

  • Kenzhegul Bazarkhan magistrate

Abstract

 Қазақ  әдебиетінің тереңге тамыр жайған  тарихының  бір  бөлігі шетелдегі қазақ  әдебиетінің  еншісінде  екендігі  бүгінге  дейін біраз ғылыми  жұмыстарға  тақырып, нысан  болып келді. Мұндай тақырыптар  көбінесе    шетелдегі қазақ  әдебиетінің жалпылама жай-күйі, зерттелуі төңірегінде  болды. Мәселен, Моңғолияның Бай-Өлке қаласындағы  қазақ  әдебиеті жөнінде зерттеулер  жүргізіліп, кейбір ақындардың шығармаларына  тоқталғанымен, қазіргі таңдағы жекеленген қазақ  қаламгерлерінің  шығармаларына тілдік-танымдық, көркемдік ерекшеліктеріне интерпретациялық  тұрғыдан  нақты қалам тартыла берген жоқ.  Осындай көрнекті ақындардың бірі – Сұраған  Рахметұлы. Сұраған Рахметұлы Моңғолиядағы  қазақ әдебиетінің  көшбасында  тұрған  тілі орамды ақындардың  бірі.     
     Мақалада Сұраған Рахметұлы поэзиясының тілдік қолданысы, көркемдік мазмұны туралы сөз  болады. Ақын  өлеңдерінен мысалдар  келтіре отырып,  ішкі мазмұнына  үңілу, тілдік талдау жұмыстары жүргізілген. Сұраған ақынның  шығармаларына  интерпретациялық  талдау  жасалына отырып,  ондағы ақынның  өлеңді  жеткізудегі шеберлігі, тілдік- көркемдік ерекшеліктеріне кеңінен  тоқталынған.
   Кілт сөздер: Шетелдегі қазақ  әдебиеті, Сұраған Рахметұлы, интерпретация, тілдік - танымдық,  көркемдік ерекшелік.
 
Published
2021-06-27
How to Cite
BAZARKHAN, Kenzhegul. СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫРЛАРЫ. Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 111-121, june 2021. ISSN 2709-1120. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/433>. Date accessed: 18 apr. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v10i0.433.