ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДА АКСЕОЛОГЕМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Abstract
Мақалада қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқытуда аксеологемалардың қолданылуының тиімді жақтары қарастырылды. Қазақ тіліндегі аксеологемалардың ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мәдениеттің өзгешелігі, ұлттық тілдің байлығы, ұлттық нақыш, ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері функционалды-семантикалық тұрғыдан жіктеліп, айқындалды. Аксеологемаларды білудің мынандай артықшылықтары бар: біріншіден, санадағы әлем бейнесін тереңірек тануға мүмкіндік береді; екіншіден, тілдің ұлттық ерекшеліктерін айқын тануға жол ашады; үшіншіден, тілдік ерекшеліктерді семиотика деңгейінде терең тануға мүмкіндік береді. Бұл ерекшеліктер қазақ тіліндегі фразеологизмдердің, мақал-мәтелдердің және сөздердің семантикасында анық байқалады. Тілдегі осындай тіл бірліктерінің бойындағы ерекшеліктерді жақсы тану білімді игерудің деңгейін жоғарылатады, халықтың танымын, мәдениетін білуге жол ашады. Осы білімдерді әр салаға қарай икемдеу арқылы қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқыта аламыз. Мақалада қарастырылатын мәселе – қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі. Қазір қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқыту, талдау мен терең зерттеу маңызды болып отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, біз қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқытуда аксеологемаларды бірінші кезектегі мәселелердің бірі деп есептей аламыз.Түйін сөздер: құндылық, аксеологема, интеграция, фразеологизм, мақал-мәтел, кіріктіре оқыту.
Published
2021-06-27
How to Cite
ҚАЛҚАМЖАЙ, Жанат Тілекқызы.
ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДА АКСЕОЛОГЕМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ.
Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 122-131, june 2021.
ISSN 2709-1120.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/434>. Date accessed: 18 apr. 2025.
Section
Articles