XX ҒАСЫР ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЙНЕСІ

  • Аружан Танербергенқызы Давталиева Suleyman Demirel University

Abstract

Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің шығармаларындағы жасөспірімдер образының қалыптасу, даму және өзгеру ерекшеліктері анықталады. Тарихи, әлеуметтік, психологиялық факторлардың ықпалынан жасөспірімдер бейнесінің автор шығармаларында қалай көрініс тапқандығы сараланады. Аталған кезеңнің айшықты туындыларына тоқталып, кейбір образдарға талдау жасалынады.  ХХ ғасыр тұсында қазақ әдебиеті жанрлық прогресстерімен ерекшеленеді. Жаңа ғасырдың басталуымен балалар әдебиеті жаңа серпін алып, проза, поэзия, драматургия жанрларында қарыштап дами бастады. ХХ ғасыр қазақ әдебиетінде балалар мен жасөспірімдер образын өз шығармасына арқау ету арқылы, автордың тарихи-әлеуметтік проблемаларды оқырманына жанама жеткізуі де осы заман әдебиетінің ерекшелігіне айналды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз жасаған жасөспірімдер образдарының ықпалы, жас ұрпаққа тәрбиелік күші бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді.
Түйін сөздер: Қазақ әдебиеті, балалар әдебиеті, ХХ ғасыр әдебиеті, жасөспірімдер, образ, кейіпкерлер.
Published
2021-06-27
How to Cite
ДАВТАЛИЕВА, Аружан Танербергенқызы. XX ҒАСЫР ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЙНЕСІ. Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 242-251, june 2021. ISSN 2709-1120. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/454>. Date accessed: 18 apr. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v10i0.454.