МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІ

  • Nazerke Akilbekkyzy Kainarbay Kazakh

Abstract

Мақалада салу есептерінің деңгейлері: талдау, зерттеу, салу, дәлелдеу бөлімдері толығымен ашылып, талданады. Салу есептері оқушылардың ойлау қабілетін, математикалық ойлауын қалыптастырып, дамытады. Есеп шығару барысында әрбір кезеңді бөліп, қандай маңызға ие екенін көрсеттік. Салу есептері 7-8 сынып оқушыларына соңғы тоқсанда оқылады. Бірақ оқушыларға түсінікті  тиімді,  білімін толықтыруға жеңіл әдіс – тәсіл таңдалмауы, геометрия пәніне арналған оқулықтардағы тапсырмалардың аталған тақырыпқа аз берілуі. Мектеп математика мұғалімдерінен жіне 7-8 оқушыларынан салу есептеріне байланысты әңгіме-сауалнама алу алынды. Сауалнама нәтижесінде қорытынды жасалып, мысал-есеп алып әр бөлімді бөліп, есеп шығару барысында маңызын көрсеттік. Сауалнамадан оқушылардың салу есептерінің шығару жолдарының бөліктерін білмейтінін байқасақ болады. Салу есептерін шешудегі мақсат: берілген құралдар арқылы  керекті фигураны салу. Мұғалімдердің пікірінше салу есептеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқулықта қосымша есептер болу керек, деңгейлері күрделі болған соң, оқу жоспарына қосымша сабақтар қосылу керек және салу есептеріне байланысты үйірме ашылу керек деп есептейтінін көрсек болады.
Түйін сөздер: салу есептері, талдау, зерттеу, салу, дәлелдеу, салу есептері шығару жолдары, үшбұрыш, шеңбер.
 
Published
2021-06-27
How to Cite
KAINARBAY, Nazerke Akilbekkyzy. МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІ. Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 292-309, june 2021. ISSN 2709-1120. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/464>. Date accessed: 18 apr. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v10i0.464.