ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІ МЕН ТАРТЫСЫН ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ КӨЗҚАРАСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

  • Gauhar Shukey MSc in KZL

Abstract

Прозалық шығармалар – өмір шындығын өнеге ететін, бала қиялын шарықтата алатын сөз өнері. Бұл мақалада прозалық шығармаларды оқыту, олардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау жолдары анықталады. Әдеби көркем шығармаларды әр түрлі талдау тәсілдері арқылы білімгерлердің сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары талқыланады. Бұл тұста сыни көзқарас қалыптастыру әдіс-тәсілдерін тұрақтандыру қажеттілігі туатыны анықталып, педагогикалық технологиялардың базистік ерекшеліктерін, жаңашыл новаторлық технологиялардың талаптарын, ұстанымдарын біріктіріп оқыту жүйесін орнату мүмкіндіктері қарастырылды. Білім беру жүйесіндегі көркем шығарманы игеру, оны талдау маңыздылығы сипатталады. Негізгі шығарманың тағандары болып есептелетін жалпы шығарманың құрылысы, идеялық мазмұны, шығармадағы тартыс мәселесін талдаудағы баланың өзіндік ойы мен пікірін дамыту қалай жүзеге асады, оның маңыздылығы қандай, түрлі талдаулар нұсқаларын тұтастырып, талдау жүйелерін құру мәселелері талданады.
Түйін сөздер: тартыс, сюжеттік желі, сыни көзқарас, әдіс-тәсіл, дүниетаным, дәлел, ұйымдастыру.
Published
2021-06-27
How to Cite
SHUKEY, Gauhar. ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІ МЕН ТАРТЫСЫН ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ КӨЗҚАРАСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 452-463, june 2021. ISSN 2709-1120. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/483>. Date accessed: 18 apr. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v10i0.483.