БАҚ – ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕ
Abstract
Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында кез-келген төтенше оқиға немесе табиғи апат ақпараттық-коммуникациялық резонанс алады, бұл жаңалықтың хабарлау сипатына қарай апаттың салдарын күшейтеді немесе адамдарды депрессия, апатиядан қорғауға көмектеседі, яғни әлеуметтік салада психотерапияның бір түрін жүзеге асырады.Қазіргі кездегі бұқаралық ақпарат құралдары, баспасөз - қоғамға, экономикаға, саясатқа, эстетикаға белсенді әсер ететін нақты әлеуметтік-саяси фактор. Ол көзқарасты, талғамды, дүниетанымды анықтайды және қалыптастырады. Адамдар телеарналар ұсынатын әр түрлі бағдарламаларды көреді. Табиғи және техногендік апаттар, түрлі масштабтағы оқиғалар сияқты экстремалды оқиғаларды қамтитын бағдарламалар ерекше орын алады.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы төтенше оқиғалар туралы жаңалықтар ақпарат нарығының ең танымал мазмұны болып табылады. Соңғы онжылдықта телеарналарда, баспа және интернет БАҚ-та, радиода жаңалықтарды тезірек және сапалы дайындауға жағдай жасалды. Күн сайын ақпараттық жобалардың саны мен сапасы артып келеді, бұл ақпараттық өнімдердің өздерін де, тәжірибелерін де, оларды дайындау ерекшеліктерін де зерттеу өзектілігін дәлелдейді.
Түйін сөздер: журналистика, ТВ, төтенше оқиға, БАҚ, қоғам, әлеуметтік жауапкершілік.
Published
2021-06-27
How to Cite
ZHUNISBEKOVA, Balausa.
БАҚ – ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕ.
Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 524-539, june 2021.
ISSN 2709-1120.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/499>. Date accessed: 18 apr. 2025.
doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v10i0.499.
Section
Articles