НАЗАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖӘНЕ ГИПЕРАКТИВТІЛІКТІҢ БҰЗЫЛУЫ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР (қазақ тілі пәні бойынша)
Abstract
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде практикалық медицинада жаңа проблема «зейін мен назар жетіспеушілігі» синдромы пайда болды. Синдромның табиғаты туралы кеңінен ақпарат алу үшін биология, генетика, психология, неврология және психиатрия саласында көптеген зерттеулер жүргізілді. Назар жетіспеушілігінің бұзылуы және гиперактивтілік (СДВГ) - бұл мектепке дейінгі немесе ерте мектеп жасында жиі кездесетін психофизиологиялық бұзылыс. Ерекше балалар үшін мінез-құлқын бақылау және назар аудару қиын екені белгілі. ЗЖГС-ның негізгі көріністері – гиперактивтілік, назардың жетіспеушілігі және импульсивтілік. Еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі – білім беру жүйесінің дамуы. Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Бұл мақала инклюзивті білім беруді анықтау тәсілдерін қысқаша қарастырудан және демократиялық қоғамдағы азаматтық құқық аясында ерекше балаларға қазақ тілін үйреудегі әдіс-тәсілдермен бөлісу мақсатында жазылды.Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, білім беру жүйесі, зейін жетіспеушілігі және гипербелсенділік синдромы, мұғалімдердің білімі.
Published
2021-06-28
How to Cite
ҚАНЕН, Айдана.
НАЗАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖӘНЕ ГИПЕРАКТИВТІЛІКТІҢ БҰЗЫЛУЫ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР (қазақ тілі пәні бойынша).
Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 648-656, june 2021.
ISSN 2709-1120.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/516>. Date accessed: 18 apr. 2025.
doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v10i0.516.
Section
Articles