МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА SCRATCH АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ҮЙРЕТУ

  • Г.Б. Саймасай
  • О.О. Оразов
  • Б.А. Беккожаев
  • Б.А. Дауытжанова
  • М.К Көпбай
  • Г.А. Баймуратова
  • О.А. Баймуратов

Abstract

Мақала дамыған технология дәуірінде мұғалімнің білім берудегі рөлін қарастырады Цифрлық технологияның білім беруде қолданылуы жағдайына анализ жасалады. Технология жетістіктерін білім беру ісінде қолдануда «ұлттық код», ұлттық сананың жаһандық білім мен технологияға ашықтығы» ұғымдарын негізге алады. Білім беру саласында цифралық технлогияны пайдалануда негізге алынатын факторларды анықтап көрсетеді. Мектеп оқушыларына ойын-жобасы түрінде Scratch ортасында бағдарламалауды үйретудің мүмкіндіктерін қарастырады. Ойын арқылы бағдарламалау тілін үйретуде негізге алынатын педагогикалық, психологиялық әдістемелер мен баланың ортасы, дүниетанымы факторларының ғылыми теориялық, тәжірибелік негіздері көрсетіледі. Scratch арқылы ойын жасауда «ұлттық код», «ұлттық сананың жаһандық білім мен технологияға ашықтығы» көзқарасы негізге алынған. Зерттеу жұмысы «шынашақ саусақтар бағдарламалау тілін жазсын» деген концепциямен жолға шығып, балаларға кішкене жастан бастап бағдарлама тілін үйретудің өзектілігі мәселесін шешуге бағытталады.
Түйін сөздер: Scratch, ойын тілі, қазақша ойын, ұлттық код, бағдарламалау
Published
2021-06-28
How to Cite
САЙМАСАЙ, Г.Б. et al. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА SCRATCH АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ҮЙРЕТУ. Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 721-729, june 2021. ISSN 2709-1120. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/518>. Date accessed: 18 apr. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v10i0.518.