СИНТАКСИСТІ МЕҢГЕРТУДЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР

  • Қ. М. Әбдіқалиева
  • Ш. Л. Ерхожина

Abstract

Бұл мақалада қарым-қатынасқа жағдай жасап, әрекеттесе отырып үйрету тәсілі болған интерактив әдістерінің синтаксисте қолданылуы сөз болады. Қазіргі білім беру жүйесінде даралық сипат көзделеді. Ол әрбір білім алушының даралығы, жеке мүмкіндіктері мен өз-өзін дамыту қабілеттілігінің ескерілуіне жағдай жасайды.Синтаксисті оқытуда әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану жастардың сана-сезімі жоғары, ақыл-ой еңбегін өз бетінше атқара алатын, ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, өз ойын заңдылықтарға сүйене отырып, жазбаша    жүйелі түрде бере алатын саналы тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болады . Осыны ескере отырып, білім алушылардың синтаксиске деген қызығушылықтарын арттыру  мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Грамматиканың қиын да маңызды тарауы болған синтаксисті оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану  мұғалімге  білімді жүйелі   меңгертуіне, білімгерлердің сабаққа деген ынта-жігерін арттыруға, ой-өрісінің кеңейіп, креативтілігінің шыңдалуына әкеледі. Мақалада  интерактивті әдістерді ұтымды пайдаланудың маңызы мен жолдары жан-жақты қарастырылып, оның синтаксисті оқытудағы тиімділігі сараланды. Әдіскер ғалымдардың пікірлеріне сүйене келе, жаңашыл оқыту әдістерінің синтаксистік білімді меңгертудегі дидактикалық амалдары талқыланды. Тіл білімінің синтаксис бөлімін білім алушылардың еркін меңгеріп, алған теориялық білімін практикамен ұштастыру дағдыларын ұтымды беру әдістемесі жүйеленді.
 Түйін сөздер: интербелсенді әдіс, дидактика, синтаксис, дағды, дамыту.
Published
2021-06-27
How to Cite
ӘБДІҚАЛИЕВА, Қ. М.; ЕРХОЖИНА, Ш. Л.. СИНТАКСИСТІ МЕҢГЕРТУДЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР. Proceedings of International Young Scholars Workshop, [S.l.], v. 10, p. 772-778, june 2021. ISSN 2709-1120. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/iysw/article/view/588>. Date accessed: 18 apr. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/iysw.v10i0.588.