ИММУНДЫ ГЛОБУЛИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҒЗАДАҒЫ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ

  • С. Ж. Ибадуллаева
  • Р. Б. Жандавлетова
  • A. Б. Карабалаева
  • Н. С. Ауезова

Abstract

Мақалада казіргі кезеңдегі экстремальды жағдайлардың адамның ағзасына, биохимимялық және физиологиялық көрсеткіштеріне  әсері қарастырылған. Сонымен қатар  иммундық жүйесінің қызметіне ақпарат берілген. Иммунитеттің  ағзаға  бөгде заттардың, басқа да антигендерге қарсы қорғаныш реакцияларының жиынтығы екені туралы акпарат берілген. Антиденелердің  гомологиялық антигендермен қосыла алатын гамма-глобулиндер екені, олар физиологиялық кедергілерден өте алады, микробтарды  жойып жібере алатыны туралы айтылған. Адам  ағзасына  жұқпалы немесе паразиттік аурулар қоздырғышының енуі, олардың иммунды жүйе мүшелерімен байланысуы жайлы, арнайы иммунитеттің қалыптасуы макалада көрсетілген. Сонымен қатар, Т-эффекторлардың субпопуляциясы бірнеше медиаторлар өндіріп, солардың арқасында организмнің иммунды қорғанышын жүзеге асыруын қаматамасыз етеді. Медиаторларды иммунды реакция қалыптасуын туғызатын микробтармен байланыс кезінде лимфоидты клеткалар өндіріп шығарады. Екінші фактор - лейкоциттер миграциясын тежейтін фактор; лейкоциттерді антиген орналасқан жерде ұстап қалады. Үшінші фактор фагоцит клеткаларды белсендіріп, олардың сіңіріп алу және метаболизмдік қабілетін жоғарылатады. Төртінші фактор - тері реактивтігінің факторы; терінің қабыну реакциясын туғызатыны туралы мәліметтер берілген. Иммунды терапия  әдістері  ерекше және ерекше емес, белсенді және бәсең болып бөлінеді жайлы тусініктеме келтірілген.
Published
2020-12-21
How to Cite
ИБАДУЛЛАЕВА, С. Ж. et al. ИММУНДЫ ГЛОБУЛИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҒЗАДАҒЫ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ. SDU Bulletin: Natural and Technical Sciences, [S.l.], v. 53, n. 2, p. 30-38, dec. 2020. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/nts/article/view/332>. Date accessed: 14 feb. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/sdubnts.v53i2.332.