ОҚУШЫЛАРДЫ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС КВАДРАТТЫҚ ФУНКЦИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА БАУЛУДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ
Т. Уалишева, М. Атейбекова, Н. Балта
Abstract
Аңдатпа. Бұл мақалада математиканы оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттырудың және стандартты емес есептерді шешуге оқушыларды баулудың әдістерін қарастырылады. Соның ішінде технология құралдарын қолдана отырып оқытудың оқушылардың үлгеріміне және оның көмегімен стандартты емес есептерді шешудің оқушыларға әсерін қарастыру өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта оқушылардың математика сабақтарына қызығушылығының болмауы педагогикалық зерттеушілердің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ мақала жазу барысында бірнеше еңбектердің нәтижелерін салыстыра келе стандартты емес есептерді шешуге баулу оқыту барысында көп жағдайда “назардан тыс” қалып қоятыны белгілі болды. Біз оның шешімі ретінде ұсынылып отырған осы екі бағытты қарастырып көрдік. Соңғы жылдардағы әр түрлі әдебиеттерді, әр түрлі елдердің зерттеу жұмыстарын саралап, оқытудағы технологиялық құралдардың әсерін зерттегеннен кейін, бұл әдіс оқушылардың үлгеріміне оң әсер ететіні анықталды.Түйін сөздер: технология құралдары, стандартты емес есептер, квадраттық функция, геогебра, графиктер, сыни ойлау.
Published
2022-03-07
How to Cite
BALTA, N.; UALISHEVA, T.; ATEYBEKOVA, M..
ОҚУШЫЛАРДЫ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС КВАДРАТТЫҚ ФУНКЦИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА БАУЛУДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ.
SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 58, n. 1, p. 6 - 13, mar. 2022.
ISSN 2709-264X.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/1157>. Date accessed: 14 mar. 2025.
doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v58i1.1157.
Section
Articles