ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

  • Symbat Bagdatkyzy student

Abstract

Аңдатпа. Бұл мақалада қарастырылатын мәселе - оқу-танымдық құзіреттілікті арттырудың психологиялық қырлары. Бүгінгі таңда жалпы білім беру саласындағы басты мәселелердің бірі – оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерінің төмендеуі. Білімгерлердің оқу сапасының төмендеуіне тікелей әсер етуші фактор технологиялардың қарқынды дамуы салдарынан саналады. Оқушылардың сауатты жазу қабілеті, ойын жинақтап дәлелді де анық сөйлеуі, алынған білімді тек репродуктивті түрде қайталап айтып, аздаған уақытта естен шығаруы бүгінгі заман дертіне айналды. Сондықтан осы ізденіс арқылы «оқу-таным» деген ұғымды түсіндіре келе, оның оқушылар санасында қалыптастырылуы мен педагогикалық үдерісте дамытылу мәселесі талқыланды.
        Түйін сөздер:оқу-танымдық құзіреттілік, құзірет, психологиялық аспект, грамматика, теория, таным, ойлау, қабылдау, аудиал, визуал, кинестетик
Published
2024-06-19
How to Cite
BAGDATKYZY, Symbat. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ. SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 67, n. 2, p. 29-35, june 2024. ISSN 2709-264X. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/1214>. Date accessed: 14 mar. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v67i2.1214.