ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТЫҢДАЛЫМ ӘРЕКЕТІ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Abstract
Тыңдалым әрекеті қазақ тілін оқытудың заманауи әдістемесіндегі ең өзекті тақырыптардың бірі, өйткені тыңдаусыз сөйлеу коммуникациясы жүзеге аспайды. Қазіргі таңда қазақ тілі сабақтарында тыңдалым әрекеті қаншалықты меңгеріліп жатыр деген сұрақ туындайды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, білім стандартында сөйлесім әрекеттеріне орын берілсе де, тыңдалым әрекеті назардан тыс қалып, толық жүзеге аспайды. Мақалада тыңдалым әрекетін оқытудың тиімділігі туралы жасалған зерттеу жұмыстары талданады. Оның ішінде қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты тыңдалым әрекетінің маңызы сипатталады. Тыңдалым әрекетінің тыңдалым алды, тыңдалым барысындағы, тыңдалымнан кейінгі деген кезеңдерін қамтып, соған сәйкес тапсырмалардың үлгілері ұсынылады. Сонымен қатар зерттеу жұмысы барысында мектеп оқушыларына жасалған эксперимент нәтижесіне талдау жасалып, тиімділігі дәлелденеді.
Published
2024-06-21
How to Cite
ABDULLA, Sayat.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТЫҢДАЛЫМ ӘРЕКЕТІ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.
SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 67, n. 2, p. 56-65, june 2024.
ISSN 2709-264X.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/1266>. Date accessed: 14 mar. 2025.
doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v67i2.1266.
Section
Articles