«ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» КУРСЫ АЯСЫНДА МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Abstract
Қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына шетелдегі қазақ әдебиеті де өз үлесін қосуда. Қазақ әдебиетінің қаймағы бұзылмаған бір бұтағы - Моңғолия қазақтарының әдебиеті. Атамекеннен жырақ жүрген қанша қазақ қаламгерлері өз төл әдебиетіміздің қорына елі мен жеріне деген сағынышқа толы жыр жолдары мен әдеби туындыларын көптеп қосуда. Шетелдегі қазақ әдебиеті бүгінге дейін біраз зерттеу жұмыстарының негізіне айналғанымен, Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын оқыту мәселесі кеңінен зерттеле қойған жоқ.Мақалада Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің поэзиялық шығармаларын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы сөз болады. Моңғолиядағы қазіргі қазақ әдебиетінің өкілі ретінде Сұраған Рахметұлы мен Байыт Қабанұлы шығармашылығынан мысалдар келтірілді. Аталмыш қаламгерлердің туындыларын отандық Жоғары оқу орындарында арнайы курс ретінде оқыту жолындағы алғашқы қадамдардың бірі ретінде жазылып отырған мақала өлең-жырларды келтірілген бірнеше әдістермен оқытуды ұсынады.
Published
2021-06-13
How to Cite
ЖУМАКАЕВА, Б.Д.; БАЗАРХАН, К..
«ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» КУРСЫ АЯСЫНДА МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ.
SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 55, n. 2, p. 43-49, june 2021.
ISSN 2709-264X.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/565>. Date accessed: 14 mar. 2025.
doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v55i2.565.
Section
Articles