МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫ БІЛІМ АЛУҒА ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Abstract
Жалпы орта білім беретін мектептерде математика сабақтарын жүргізе жүріп біз байқаған мәселелердің бірі және бірегейі оқушылардың математика сабақтарында білімдерінің төмен болуы. Неге? Қалайша? Кім кінәлі? Немесе, не кінәлі? Әлде, математика пәндерінің мазмұны оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінен жоғары ма? Бір, екі ...., он, мүмкін жүз сұрақ... Біз, төменде осы сұрақтардың бәріне болмаса да бірнешеуіне, мүмкін ең негізгілеріне жауап іздеп көреміз. Және де осы мәселелер бойынша өз нұсқамызды ұсынамыз. Оқушылар бастарынан кешіріп отырған осы жағдайлардың қалай алдын алуға болады? Немесе, оқушылардың басындағы осы жағдайларды қалай жоюға болады? Біздің ойымызша мұнда екі жағдай бар: оқушыларда сыни ойлау қалыптастыру мен оларда математикадан функциональдық сауаттылық қалыптастыру. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының ғалымдарына, әдіскерлеріне сол сияқты, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.
Published
2021-06-13
How to Cite
САЙЛАУБАЕВА, А. et al.
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫ БІЛІМ АЛУҒА ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ.
SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 55, n. 2, p. 101-111, june 2021.
ISSN 2709-264X.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/571>. Date accessed: 14 mar. 2025.
doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v55i2.571.
Section
Articles