ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ
Н.Б.Абдрахынова
Abstract
Аңдатпа.Мақалада Ш.Мұртазаның шығармаларының тілі, жазушылық шеберлігі туралы сөз болады. «Ай мен Айша» романындағы жазушының тілдік тұлғасын танытатын, тіл шеберлігін көрсететін тұстарынан үзінді ала отырып, талдау жасалынды. Шығармаларындағы кейіпкерін тілі арқылы кейіптеу тәсілі Ш.Мұртазаның соны жолы, ерекше қасиеті, өзіне тән шеберлігі. Мақалаға «Ай мен Айша» романындағы кейіпкерлер тіліне тоқтала отырып, жазушының ерекше тілдік тұлғасын анықтағандай болдық. Жазушының тілдік тұлға мәселесін тілдік, экстралингвистикалық (тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра отырып, кешенді түрде талдап, тілдік тұлға қалыптасуының тілтанымдық негізін анықтама берілді. Шығармадағы Айша бейнесі, өз сөзімен мінездеме берген Барсхан бейнесі қарым-қатынас тілі арқылы ашылады. Коммуникативтік байланыс мүшелері шығарманың негізгі қаһарманы мен реципиент оқырман.Түйін сөздер: тілдік тұлға, шеберлік, суреткер, кейіпкер тілі, өзіндік стиль, коммуникация.
Published
2022-12-12
How to Cite
АБДРАХЫНОВА, Н. Б..
ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ.
SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 61, n. 4, p. 38-44, dec. 2022.
ISSN 2709-264X.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/902>. Date accessed: 26 apr. 2025.
doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v61i4.902.
Section
Articles