ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ «ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН» РОМАНЫНДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КАТЕГОРИЯСЫ

  • INGKAR IZBAY Магистрант

Abstract

Мақалада мекеншақ категориясының анықтамасы мен жіктеліміне назар аударылып, ғылыми тұжырымдар қаралды. Қазақ, қырғыз жазушыларының көркем уақыт пен кеңістік мәселесіндегі психологизм, кейіпкерлер әлемі, эмоциялық құбылулардың сюжет динамикасына әсері сөз болып, авторлық баяндауға ден қойылды.  Көркем кеңістік пен уақыт байланысы күрделі сипат алған шығармалардан Мұхтар Мағауиннің «Жармақ», Бексұлтан Нұржекеевтің «Әй-дүние ай», Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романдары талданды. Әдеби-көркем мекеншақта кеңістік пен уақыт белгілері, оның сипатын беретін негізгі элементтер түр-түрге бөлініп шығарма құрылымын құрайды. Мақалада олардың арасындағы байланыс пен алшақтық, бірігу мен бөліністің жазушылар қолданысындағы көрінісі қарастырылды. Сонымен қатар «Боранды бекет» аталып кеткен Ш. Айтматовтың шығармасындағы сюжеттік құрылымында маңызды рөл атқарған уақыт және кеңістік категориясының түрлеріне кеңірек тоқталып, романнан үзінді мысалдармен дәйектелді.
Published
2023-09-04
How to Cite
IZBAY, INGKAR. ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ «ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН» РОМАНЫНДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КАТЕГОРИЯСЫ. SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 64, n. 3, p. 6 - 15, sep. 2023. ISSN 2709-264X. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/935>. Date accessed: 14 mar. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v63i2.935.