ПОДКАСТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНУ МӘСЕЛЕСІ
Abstract
Заман дамып, әлем өзгерген сайын білім беруде де жаңалықтар орын алуда. Жаңартылған білім беру мазмұны оқушыға субъект ретінде баға беріп, оның жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Оқушыны өздігінен білім алуға қабілетті етіп тәрбиелеу - заманауи мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін біз қандай жаңаша тәсілдерді қолдана аламыз? Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім саласындағы инновациялық технологиялар бұл тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен қатар, оқытудың жаңа түрі мен əдістемесі жəне оқу үрдісінің жаңа амалы. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Әдеттегі радиодан ерекшелігі – қай жанрды қай уақытта тыңдайтынын адам өзі шешеді. Осылайша тыңдалым дағдыларын дамытудың жаңаша әдісін ұсынатын подкаст қызметі қазақ тілі сабақтарында оңтайлы нәтиже берері сөзсіз. Шетел тілінде білім беру əдістемесінің қазіргі даму сатысында интернет жəне басқа да техникалық құралдар жайлы көп айтылады, мысалы: электрондық пошта, блогтар, видеоконференция, телеконференция, подкаст, вики т.б. Соның бірі подкаст технологиясы. Күнделікті өмірде үнемі шет тілдерін тыңдап өскен баланың ойлауы да шет тілінде бола бастайды. Ал біз қазақ тілі сабақтарында подкаст қызметін пайдалану арқылы оқушылардың шет тілді контенттен бөлек, қазақ тілді ақпаратты да тұтынуына жағдай жасай аламыз. Яғни шынайы тілдік орта жасауға тағы бір мүмкіндік туады.
Published
2023-06-11
How to Cite
ӘБІЛДА, Аяулым Тәжіқұлқызы.
ПОДКАСТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНУ МӘСЕЛЕСІ.
SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 63, n. 2, p. 6 - 14, june 2023.
ISSN 2709-264X.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/941>. Date accessed: 14 mar. 2025.
doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v63i2.941.
Section
Articles