КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ҚЫЗЫҚТЫ ЕТІП ЖҮРГІЗУДЕГІ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ

  • K. Bagasharov

Abstract

Аңдатпа. Мақалада кәсіптік бағдар беру кезіндегі ойын түрлері сөз болады. Бұндай ойын жағдайы сабақ материалын ұсыну формасын жеңілдетеді әрі диагностикалық процедураларда, жеке кеңес беру кезінде қосымша тұжырым ретінде пайдалануға ыңғайлы. Ойындар мәселеге тұтас қарауға, өз қызығушылықтарын анықтау, саналы түрде таңдау жасау, шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырып, рөлдік мінез-құлықты меңгеруге, мамандықты жақыннан тани түсуге мүмкіндік береді. Мұғалім мектеп оқушыларының бұрыннан бар білімін қолдана отырып, солардың дүниетанымына шақ ойын түрлерін ұсынады. Кәсіби бағдар жұмысын жүргізуде оқушыларға мәліметтерді қызықты ойындар арқылы жеткізу оқытушының ізденісі мен шеберлігін шыңдай түседі әрі пәнге деген қызығушылықты да арттырады. Ойын әдісі кәсіптік бағдарға қатысты ақпараттарды іздеуді және алынған мәліметтерді талдай алуға мүмкіндік береді, мамандықтар әлемі туралы идеяларды кеңейтеді. Болашақта белгілі бір салаға деген бейімділікті ашады, ұйымдастырушылық қабілетті ұштайды, көшбасшылық пен интеллектуалдық әлеуетті, тапқырлықты, зейінділікті, ойлау ұшқырлығын, қиялды дамытуға мүмкіндік береді. Мақалада кәсіптік бағдар берудегі ойындар ұйымдастырудың қыр-сыры, заман ағымына қарай түрлене түскен ойын түрлері талданады.
Түйін сөздер: кәсіби бағдар, ойын, мектеп, оқушы, ойын түрлері, мұғалім. 
Published
2024-03-15
How to Cite
BAGASHAROV, K.. КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ҚЫЗЫҚТЫ ЕТІП ЖҮРГІЗУДЕГІ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ. SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 66, n. 1, p. 21-30, mar. 2024. ISSN 2709-264X. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/1202>. Date accessed: 14 mar. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v66i1.1202.