ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Abstract
Мақалада мультимедиалық құралдарды оқытуда қолданудың маңызы сөз болады. Оның сабақ үдерісін белсендірудің маңызды бөлшегі ретінде, оқушының танымдық қабылдауы мен іс-әрекеттегі белсенділігін арттырушы құрал екендігі дәлелденеді. Оны тиімді қолдану меңгерілетін тақырыптың, материалдың мазмұнына және мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сондықтан мультимедиалық презентациялардың мазмұнды ұйымдастырылуы мұғалім үшін жетістік. Бұдан концептуалды педагогикалық жағдайлардың маңыздылығы көрінеді. Осы негіздерге сүйене отырып, мультимедиалық құралдарды тиімді қолдану үлгілері талқыланды. Осыған дейін де мультимедиалық технологиялар оқытуда өзінің тиімділігін дәлелдеп келген. Алайда бұл мақалада қазақ тілі пәнін меңгертуде мультимедиалық құралдарды қолданудың өзіндік ерекшеліктері сараланды. Үдерісте оқу ақпараттарының көрінісі үшін әртүрлі айқын құралдарды қолдану, оқытудың жаңа деңгейімен қамтамасыз ететіні айқындалады. Сонымен қатар оқыту жүйесіндегі заманауи оқыту талабына сай мультимедиалық ортаның оқытуда визуалдық қызметін дұрыс ұйымдастырудың маңызы түсіндіріледі. Мақалада аталған тақырыпты ашу, тұжырымдарды дәлелдеу мақсатында жаттығу-тапсырманың үлгілері де ұсынылып, түйінді тұжырымдармен қорытылды. Түйін сөздер. мультимедиа, оқу-танымдық, интерактивті, веб-элементтер, анимация, подкаст, тиімділік, белсенділік.
Published
2024-06-19
How to Cite
ҚАДЫРБАЙ, Бексеит.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ.
SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 67, n. 2, p. 36-43, june 2024.
ISSN 2709-264X.
Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/1215>. Date accessed: 14 mar. 2025.
doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v67i2.1215.
Section
Articles