«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫНДАҒЫ ЭТНОЛЕКСИКАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

  • Shahniza Kabulova
  • Khafiza Ordabekova

Abstract

Аңдатпа. Этнолексика – қазақ ұлтының тұрмыс-тіршілігі, тарихы мен мəдениетінің қазынасы. Қазақ халқының қалыптасу жолында түрлі дəуірлер мен кезеңдерде қалыптасқан этнолексиканың тарихы тереңде жатыр. Қазақ тіл білімінде этнолексиканы зерттеу академик Ə.Қайдар еңбектерінен бастау алады. Ғалым тілді дүниетанымдық, мəдениеттанымдық жəне этнолингвистикалық бағытта қарастырады. Себебі тіл өз бойында көптеген ақпараттарды сақтайды жəне басқалардың этнос жайында ақпаратты танып-білуіне септігін тигізеді. Мақалада «Қыз Жібек» жырындағы этнолексика бірліктерін парадигмалық тəсілдің негізінде тақырыптық жəне лексика-семантикалық топтарға топтастыру жұмысы жүргізілді. Соның ішінде зергерлік бұйым, қаружарақ, құс атауларына этнолингвистикалық жəне лингвомəдениеттанымдық тұрғыдан талдау жасалды. Түйін сөздер: этнолексика, этнолингвистикалық талдау, лингвомəдени талдау, тілдік ақпарат, мəдени ақпарат.
Published
2024-03-15
How to Cite
KABULOVA, Shahniza; ORDABEKOVA, Khafiza. «ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫНДАҒЫ ЭТНОЛЕКСИКАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ. SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 66, n. 1, p. 41-54, mar. 2024. ISSN 2709-264X. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/1258>. Date accessed: 14 mar. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v66i1.1258.