ОЛИМПИАДАҒА САПАЛЫ ДАЙЫНДАУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

  • Б. Хасен
  • А. Далабай

Abstract

АҢДАТПА
Мақалада Қазақстанда тұрақты түрде өткізілетін пән олимпиадаларының міндеттері айтылған. Республикамызда ұйымдастырылып жүрген түрлі олимпиадаларға талдау жасалып, ерекшеліктері сөз етілген. Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы жүйесіздік, нақты бағдарламалардың жоқтығы ескертілген. Пән олимпиадаларының өтілу сапасын қадағалап, қорытынды нәтижесін сараптайтын арнайы ұйымдардың болмауы да олимпиада сапасына кері әсер ететінін көрсеткен. Қатардағы мектептердегі талантты жастардың, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалардың олимпиада кезінде ескерусіз қалатыны жазылған. Кейбір мектептердің олимпиадаға дайындаудағы озық тәжірибелерін тілге тиек ете отырып, Қазақстан орта білім беру жүйесіндегі олимпадалық резервті дайындаудың өзекті мәселелерін атап көрсеткен.
Published
2020-06-14
How to Cite
ХАСЕН, Б.; ДАЛАБАЙ, А.. ОЛИМПИАДАҒА САПАЛЫ ДАЙЫНДАУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ. SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 52, n. 1, p. 34-42, june 2020. ISSN 2709-264X. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/30>. Date accessed: 14 mar. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v52i1.30.