ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ

  • Ж.Т. Қайыңбаев
  • А. Сағат

Abstract

Мақала, математикалық ойлау және оның маңызы, сол сияқты мәтінді есептерді шешу негізінде білім алушыларда математикалық ойлау қалыптастыру мәселесі көтерілген. Математикалық ойлау – жиырма бірінші ғасырдағы адамның маңызды дағдыларының бірі болуға тиісті. Ал, адамның математикалық ойлау дағдысын қалыптастыратын жер, жалпы білім беретін орта мектеп. Себебі, жоғары оқу орнында мектеп түлектерінің біріншіден, барлығы білім алуларын жалғастырмайды, екіншіден, тіпті мектеп түлегі жоғары оқу орнына түскеннің өзінде онда математика болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Ал, жалпы білім беретін орта мектепте математикалық ойлауды қалыптастырудың негізі жалпы есеп шығару және оның ішінде әсіресе мәтінді есептерді шығару деп ойлаймыз. Мәтінді есепті шешу, «Практика – теория - практика» жүйесі бойынша жүреді.
Published
2021-03-28
How to Cite
ҚАЙЫҢБАЕВ, Ж.Т.; САҒАТ, А.. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ. SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 54, n. 1, p. 42-48, mar. 2021. ISSN 2709-264X. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/555>. Date accessed: 14 mar. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v54i1.555.