ӨНДІРІСТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

  • П. А. Таңжарықов
  • A. E. Төлеген

Abstract

Мұнай-газ кен орындарында шикізатты өндіру, пайдалану және тасымалдау Қазақстан Республикасы стандарттары талаптарына сәйкес жүргізіліп отырады. Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек қызметін құру, сондай-ақ персоналдың ауруларын болдырмау - еңбекті қорғаудың басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты еңбек қорғаудың жай-күйін есепке алу, талдау және бағалау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі жұмыс жасауы шарт. Жалпы жұмыс барысында өндірістік тәуекел көрсеткіштерін есептеу арқылы еңбекті қорғау жағдайына баға беру жолдары ұсынылды. Бұл кәсіпорын ішінде еңбек қорғау жұмыстарын жетілдіреді. Еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін құру нәтижесінде ұйым - әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қауіпсіздікті басқарудың тиімді жүйесі есебінен инвесторлар өзінің тартымдылығын қамтамасыз ете алады. Авариялар, жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар салдарынан туындайтын жоспардан тыс экономикалық шығындарды төмендетіп, өзінің имиджін жақсартып, нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.
Published
2020-12-21
How to Cite
ТАҢЖАРЫҚОВ, П. А.; ТӨЛЕГЕН, A. E.. ӨНДІРІСТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ. SDU University Bulletin: Social Sciences, [S.l.], v. 53, n. 2, p. 83-92, dec. 2020. ISSN 2709-2410. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ss/article/view/328>. Date accessed: 26 apr. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/sdubss.v53i2.328.