ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ

  • Ж.Т. Қайыңбаев
  • А.С. Ғалымжан

Abstract

Мақала, математика пәнін оқыту барысында маңызды роль атқаратын тригономе́трия мәселесіне арналған. Жалпы тригонометрия тригонометриялық функциялар мен олардың геометрияда қолданылуын зерттейтін математиканың саласы деп анықталады. Әрине, тарих қойнауына көз жүгірсек, алғашында, күн сағаттарына байланысты пайда болған тригонометрия бұл күнде геометрия мен архитектурада, физика мен астрономияда, география мен геодезияда,ықтималдықтар теориясы мен қаржы базарын да және т.б жерлерде кең қолданылады. Дейтұрғанмен, базалық тригонометриялық мәселелердің ең басты қолданылатын жері ол қалай болғанда да геометрия. Сондықтан болашақта математикалық пәндердің мазмұнымен, бағдарламаларымен, оқу құралдарымен айналысып отырған ғалымдарға, әдіскерлерге тригонометрияны қайсы пәннің мазмұнында қарастыру керек екендігін авторлар мысалдардың көмегімен көрсетуге тырысады. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының ғалымдарына, әдіскерлеріне сол сияқты, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.
Published
2021-03-28
How to Cite
ҚАЙЫҢБАЕВ, Ж.Т.; ҒАЛЫМЖАН, А.С.. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ. SDU University Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods, [S.l.], v. 54, n. 1, p. 59-67, mar. 2021. ISSN 2709-264X. Available at: <https://journals.sdu.edu.kz/index.php/ptm/article/view/558>. Date accessed: 14 mar. 2025. doi: https://doi.org/10.47344/sdu bulletin.v54i1.558.